Қазақстанның басым облыстарында найзағай жарқылдайды, ұйытқыған жел соғып, бұршақ жаууы мүмкін - ауа райы болжамы

АСТАНА. 30 маусым. ҚазАқпарат - Қазақстанның басым бөлігінде демалыс күндері мен дүйсенбіде найзағай жарқылдайды, ұйытқыған жел соғып, жаңбыр, бұршақ жаууы мүмкін, деп хабарлайды Қазгидрометтің баспасөз қызметінен.

Қазақстанның басым облыстарында найзағай жарқылдайды, ұйытқыған жел соғып, бұршақ жаууы мүмкін - ауа райы болжамы

Күндізгі температура республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерінде 25-тен 33ºС-қа дейін болады, Орталық және шығыс облыстарда плюс 20-30ºС болады. Солтүстік аймақтарда плюс 15-22ºС-қа дейін жылы болады. Тек еліміздің батысында ғана жауын-шашынсыз, аптап ыстық күтіледі - плюс 30-37ºС.