Қазақстанның батысы мен шығысында 24 тамызда бұршақ жаууы мүмкін

ТАНА. 23 тамыз. ҚазАқпарат - Қазақстанның көптеген аймақтарында атмосфералық фронттардың өтуімен байланысты кей жерлерде жаңбыр, жекелеген аудандарда нөсер жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді,

Қазақстанның батысы мен шығысында 24 тамызда бұршақ жаууы мүмкін

деп хабарлайды "Казгидромет" РМК баспасөз қызметі.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында 17-23 м/с жел соғады. Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Ақтөбе, Қарағанды, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, күндіз Алматы, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде екпіні 15-22 м/с жел соғады, Қызылорда облысында шаңды дауыл тұрады. Күндіз Ақтөбе облысының кей жерлерінде бұршақ жауып, 15-20 м/с жел күшейеді. Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде жел соғады, күші 17-22 м/с, күндіз екпіні 28 м/с дейін жетеді, бұршақ жаууы ықтимал.

Алматы облысының кей жерлерінде қатты ыстық болады деп күтіледі.

Республиканың оңтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.