Қазақстанның батысы мен шығысында желдің күшеюімен бірге жаңбыр өтуі мүмкін - 14 сәуірге арналған ауа рай болжамы
АСТАНА. 13 сәуір. ҚазАқпарат - Қазақстанның барлық дерлік аумағы антициклон ықпалында болады, оның өтуімен 14 сәуір күні жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Қазгидрометке сілтеме жасаған ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметі.
Елдің батысы мен шығысында атмосфералық бөліктердің өтуімен және батыс аудандарда желдің күшеюімен бірге жаңбыр жауады деп күтілуде.
Маңғыстау облысында, күндіз Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында желдің 15-20 м/с-ке дейін күшеюі ықтимал.
Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарында, түнде және таңертең Қостанай, Қарағанды облыстарындағы жекелеген аудандарда тұман түседі.
Жақын тәуліктерде Ертіс, Бұқтырма өзендерінде мұз еріп, сең жүру жалғасады, мұз кептелістерінің болуы, су деңгейлерінің көтерілуі мүмкін. Жайық, Үлкен және Кіші Өзенде (БҚО аумағында), Есіл (СҚО аумағында) өзенінде тасқындардың күшеюі, су деңгейінің көтерілуі күтіледі. «Жалпақтал» гидробекеті маңында Үлкен Өзенде су деңгейлерінің қауіпті белгілерден асуы, су басулар болуы мүмкін. Республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығысындағы өзендерінде сулылықтың ауытқулары байқалады.