Қазақстанның батысында - жаңбыр, найзағай, екпінді жел күтіліп отыр - 12 сәуірге арналған ауа райы болжамы
АСТАНА. 11 сәуір. ҚазАқпарат - Қазақстанның көптеген аумағына антициклон ықпал етуде, республиканың тек батысында ғана атмосфералық фронтальдық бөліктердің өтуімен бірге 12 сәуір күні найзағайы бар өткінші жаңбырлар мен екпінді жел күтіліп отыр,
деп хабарлайды Қазгидрометке сілтеме жасаған ТЖМ-нің баспасөз қызметінен.
Алматы облысындағы Алакөл көлдері ауданында 17-22 метрге дейін жел күшейеді.
Оңтүстік Қазақстан облысында кейбір жерлерде желдің 15-20 м/с дейін күшеюі, шаңды дауыл болуы ықтимал.
Күндіз Жамбыл, Қостанай облыстарында - кейбір жерлерде жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.
Маңғыстау облысында кейбір жерлерде тұман түсіп, найзағай жарқылдайды, желдің 15-20 м/с дейін күшеюі күтілуде.
Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кейбір жерлерінде тұман түседі.
Жақын тәуліктерде СҚО аумағындағы Есіл өзенінде, Ертісте мұз еріп, сең жүру жалғасады. Жайық өзенінде (БҚО бойынша), Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қарағанды облыстарындағы кейбір өзендерде тасқындардың күшеюі, су деңгейінің көтерілуі күтіледі. Республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығысындағы өзендерінде сулылықтың ауытқулары байқалады.