Қазақстанның батысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, екпінді жел соғады - 8 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы
АСТАНА. 7 қыркүйек. ҚазАқпаратт - Көлемді антициклон тарамында болатын республиканың көптеген бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
Шеткі батыс өңірі ғана төменгі қысым және атмосфералық бөліктердің ауқымында болып, онымен бірге жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, екпінді жел соғады.
Бұл туралы ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарлайды. Күндіз Батыс Қазақстан, Атырау облыстарында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғуы күтіледі.
Алматы облысындағы Жалаңашкөл ауданында желдің екпіні 17-22 м/с-қа дейін күшейеді.
Түнде және таңертең Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында кейбір жерлерде тұман түседі. Шығыс Қазақстан облысында түнде ауа температурасы 0-2 градусқа дейін төмендейді.
Республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығысында, солтүстік-батыс, солтүстігінің кейбір жерлерінде төтенше жоғары өрт қауіптілігі сақталады.