Қазақстанның Бельгиядағы Елшілігінің командасы шағын футболдан жеңіске жетті

БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Брюссель қаласында Бельгиядағы дипломатиялық өкілдіктер командалары арасында шағын футболдан әуесқой турнир өтті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» меншікті тілшісі.

Қазақстанның Бельгиядағы Елшілігінің командасы шағын футболдан жеңіске жетті

Жарысқа Қазақстанның атынан екі команда, сондай-ақ Қырғызстан, Беларусь және Тәжікстан елшіліктерінің командалары қатты.

Футболшылар Брюссельдегі «Foret de soignes»спорт орталығының алаңында бірнеше ойын өткізді. Тартысты әрі достық сипатта өткен жарыстың нәтижесінде «Қазақстан-1» командасы жеңіске жетті, екінші орынды Қырғызстан құрамасы, үшінші орынды Беларусь құрамасы иеленді.

Турнир соңында командаларды марапаттау рәсімі өтті.

Осы шағын футбол жарысына қатысушылар бос уақытында Бельгияда тұрақты жаттығуларды жалғастыруға, сондай-ақ әуесқой спортпен шұғылданғысы келетіндердің шеңберін кеңейте отырып, өзара осындай турнирлер өткізуге келісті.