Қазақстанның Беларус еліндегі елшілігі Жеңістің 65 жылдығына арналған волейбол турнирінің жеңімпазы атанды

АСТАНА. Сәуірдің 26-сы. ҚазАқпарат - Қазақстанның Беларус Республикасындағы елшілігі Ұлы Жеңістің 65 жылдығына арналған волейбол турнирінің жеңімпазы атанды.

Қазақстанның Беларус еліндегі елшілігі   Жеңістің  65 жылдығына арналған       волейбол турнирінің  жеңімпазы атанды

Беларус елінде тіркелген дипломатиялық корпустың арасындағы жарыс сәуірдің 24-і күні Минскіде өтті. Бұл турнирге Қазақстан Елшілігі мен Беларус Президенті жанындағы Басқару академиясы ұйытқы болды.

Бірнеше кездесудің қорытындысы бойынша финалға Қазақстан Елшілігі мен Беларус Президенті жанындағы Басқару академиясының командалары шығып, ақтық ойында Қазақстан дипломаттары 2:1 есебімен жеңіске жетті.

Кездесу қорытындысы бойынша жеңімпаздар марапатталды.