Қазақстанның белді опера әншілері Жеңіс күніне арналған концертке қатысады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 9 мамырда «Астана Опера» театрында Жеңіс күніне арналған мерекелік концерт өтеді. 
None
None

«Жеңіс әндері, көктем әуендері» атты концерт бағдарламасына театрдың жетекші опера солистері қатысады. Музыка көрерменді соғысқа дейінгі уақытқа, соғыс жылдарына жетелейтін болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Осы кеште дирижерлік тұғырға Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері маэстро Абзал Мұхитдинов шығады. «Астана Опера» театрының бас хормейстері - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері - Ержан Дәуітов, концерттің режиссері Еренбақ Тойкенов. 

Бағдарламада соғыс жылдарының танымал әндері, сонымен қатар қазақ, орыс және батыс еуропа классикасының ең үздік туындылары опера солистерінің, хор және оркестр әртістерінің орындауында шырқалады.

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Майра Мұхамедқызы және Дина Хамзина көрерменге «Астана Опера» театрында орындалмаған жаңа нөмірлерді дайындауда. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Талғат Мұсабаев, Жанат Шыбықпаев, Айгүл Ниязова және  басқа солистер көпшіліктің сүйікті мерекелік шығармаларын, сондай-ақ қазақ халық әндерін орындайды.

Соғыс жылдарындағы кинофильмдерден алынған кадрлар шырқалатын әндердің мәнін ашуға мүмкіндік береді, және оларды оркестрлік һәм хор нөмірлері айшықтай түседі.

Соңғы жаңалықтар