Қазақстанның белгілі боксшылары Ұлттық олимпиада комитетінің медальдарымен марапатталды

АСТАНА. ҚазАқпарат -  Ұлттық олимпиада комитеті «ҚР Ұлттық олимпиада комитетіне 25 жыл» мерейтойлық медальдарымен 19 адамды - белгілі боксшыларды, Қазақстан бокс федерациясының (ҚБФ) бапкерлерін, басшыларын марапаттады. Бұл туралы федерацияның баспасөз қызметінен хабарлады.

Қазақстанның белгілі боксшылары Ұлттық олимпиада комитетінің медальдарымен марапатталды

Олардың арасында ҚБФ  вице-президенті   Бауыржан Оспанов,    ҚБФ ұлттық құрама командасының үйлестірушісі Болат Әбдірахманов,  Ұлттық құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжанов,  Олимпиада ойындарының чемпиондары - Бахтияр Артаев, Данияр Елеусінов, Бақыт Сәрсекбаев, Ермахан Ибраимов,  Олимпиада жүлдегерлері - Марина Вольнова, Дариға Шәкімова, Геннадий Головкин, Василий Левит, Иван Дычко, Болат Жұмаділов, Еркебұлан Шыналиев және тағы басқалары бар.