Қазақстанның белгілі қоғамдық-саяси қайраткерлері бейнеленген карталар шықты
АСТАНА. 15 қаңтар. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада «Қазақстанның Саяси Олимпі-2» атты кәдесый карта колодаларының жаңа басылымы таныстырылды.
Жоба авторы, «Республика-Өңір-Даму» қорының президенті әрі танымал блогер Ғалым Байтұқтың сөзіне қарағанда, бұл карталарда еліміздегі белгілі қоғамдық-саяси қайраткерлер бейнеленген.
Айта кетейік, 2011 жылы да осындай карталар шығарылған болатын, алайда ондағы саяси қайраткерлердің бейнелері мультфильмдік стильмен басылған еді. Осы жолғы карталар енді фэнтези стилімен таралады.
Сонымен қатар Ғ. Байтұқ жақын арада «Қазақстанның бизнес элитасы» тақырыбында карта колодалары шығарылатындығын жеткізді. Онда еліміздегі белгілі бизнесмендер бейнеленбек.