Қазақстанның бес аймағында көлік жолдары жабылды

«Қазақавтожол» РМК-ның хабарлауынша, бүгін Ақмола облысында ауа райы жағдайының нашарлауы (көктайғақ, бұрқасын) «Екатеринбор-Алматы» күре жолының 856-917 шақырымы, СҚО-дан Жақсы кентіне дейінгі учаскеде көліктің барлық түрлерінің қозғалысына шектеу қойылды.
Сағат 19:00-де:
1.«Жезқазған-Петропавл» күре жолы, 377-395 шақырымдар, Қостанай облысынан бастап СҚО шекарасына дейінгі учаске;
2. «Жақсы-Есіл-Бұзылық» күре жолында, 0-82 шақырымдар;
3. «Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» күре жолы, 232-260 шақырымдар, Қостанай облысынан бастап Сұрған кентіне дейінгі учаскеде көліктің барлық түрлерінің қозғалысына шектеу енгізілді.
Қарағанды облысында күн райы жағдайының нашарлауына байланысты «Екатеринбор-Алматы» күре жолында, 1492-1854 шақырымдар, Қарағанды қаласынан бастап Балқаш қаласына дейінгі учаскеде көліктің барлық түрлерінің қозғалысына шектеу енгізілді.
Сағат 18:10-да «Екатеринбор-Алматы» күре жолының 1369-144 шақырымдарында, Осакаровка кентінен Теміртау қаласына дейінгі учаскеде көліктің барлық түрлерінің қозғалысына шектеу енгізілген.
Сағат 19:30-да Қарағанды облысында «Екатеринбор-Алматы» күре жолының 1275-1353 шақырымдарында, Астана қаласынан бастап Қарағанды облысының шекарасына дейінгі учаскеде көліктің барлық түрлерінің қозғалысына шектеу енгізілді.
Шығыс Қазақстан облысында бұрқасынға байланысты:
1. «Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы», 108-123 шақырымдар, Шемонаиха қаласынан бастап РФ шекарасына дейінгі учаске;
2. «Қарағанды-Аягөз-Бұғаз», 700-900 шақырымдар, Аягөз қаласынан бастап Ақсуат ауылындағы бұрылысқа дейінгі учаске;
3. «Омбы-Майқапшағай», 942-1002 шақырымдар, Кеңтарлау ауылынан бастап Көкпекті ауылына дейінгі учаске;
4. «Алматы-Өскемен», 977-1073 шақырымдар, Қалбатау ауылынан бастап Қ.Қайсенов кентіне дейінгі учаске (бүгін сағат 11:00-де енгізілген);
5. «Өскемен-Шемонаиха-Семей», 10-154 шақырымдар, Герасимовка ауылынан бастап Шүлбіге бұрылысқа дейінгі учаскеде (бүгін сағат 11:00-де енгізілген) көліктің барлық түрлерінің қозғалысына шектеу енгізілген.
Сондай-ақ:
1. «Өскемен-Зырян-Рахман қайнары», 6-66 шақырымдар. Ушанов ауылынан бастап Серебрянск қаласына бұрылысқа дейінгі учаске;
2. «Өскемен-Зырян-Рахман қайнары», 100-167 шақырымдар, Октябрьский кентінен бастап Зырян қаласына дейінгі учаскеде қоғамдық көлік қозғалысына шектеу енгізілді.
Бұрқасынға байланысты «Өскемен-Риддер-РФ шекарасы» күре жолының 25-105 шақырымдарында, Михайловка ауылынан Риддер қаласына дейінгі учаскеде қоғамдық және жүк көліктерінің қозғалысына шектеу енгізілген.
Бұдан басқа, бүгін сағат 08:30-да Ақтөбе облысында ауа райының нашарлауына (қар, бұрқасын) байланысты «Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз» күре жолының 4-258 шақырымдарында, Қандыағаш қаласынан Шалқар қаласына дейінгі учаскеде көліктің барлық түрлерінің қозғалысына шектеу енгізілген.
Сағат 11:40-та «Қарабұтақ-Комсомольское-Денисовка-Рудный-Қостанай» күре жолының 0-231 шақырымдарында, Қарабұтақ ауылынан бастап Қостанай облысының шекарасына дейін жүк және қоғамдық көліктің қозғалысына шектеу енгізілді.
Сағат 15:15-те «Ақтөбе-Атырау-Астрахань» күре жолының 100-243 шақырымдарында, Қандыағаш қаласынан Қарауылкелді кентіне дейінгі учаскеде көліктің барлық түрлерінің қозғалысына тыйым салынған.
Сағат 17:00-де Қостанай облысында ауа райы жағдайының нашарлауына (қар, бұрқасын, жолдың нашар көрінуі) байланысты:
1. «Қарабұтақ-Комсомольское-Денисовка-Рудный-Қостанай», 231-385 шақырымдар, Ақтөбе облысының шекарасынан бастап Денисовка кентіне дейінгі учаске;
2. «Денисовка-Жетіқара-Мықтыкөл-РФ шекарасы», 82-174 шақырымдар, Жетіқара қаласынан бастап РФ шекарасына дейінгі учаскеде көліктің барлық түрлерінің қозғалысына шектеу енгізілді.
Сағат 18:30-да «Жезқазған-Петропавл» күре жолының 252-377 шақырымдары, Қарағанды облысының шекарасынан бастап Ақмола облысының шекарасына дейінгі учаскеде көліктің барлық түрлерінің қозғалысына шектеу енгізілген.
Сағат 18:40-та «Жезқазған-Петропавл» күре жолының 138-252 шақырымдары, Ұлытау ауылынан бастап Қостанай облысының шекарасына дейінгі учаскеде ауа райы жағдайының нашарлауына байланысты көліктің барлық түрлерінің қозғалысына тыйым салынған.
Сағат 19:30-да ауа райының нашарлауына (қар, бұрқасын, жолдың нашар көрінуі) байланысты «Қарағанды-Аягөз-Бұғаз» күре жолында, 64-217 шақырымдар, Ботақара кентінен бастап Қарқаралы қаласына дейінгі учаскеде көліктің барлық түрлерінің қозғалысына шектеу енгізілген.
Сағат 19:30-да «Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» күре жолының 108-232 шақырымдарында, Әулиекөл кентінен бастап Ақмола облысының шекарасына дейінгі учаскеде көліктің барлық түрлерінің қозғалысына шектеу енгізілген.