Қазақстанның бес облысында құс тұмауы тіркелді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаева бірқатар өңірдегі эпизоотиялық жағдай туралы баян етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Бүгінге дейін 47 елдімекенде (25 аудан мен 5 облыста) құс тұмауынан құстардың қырылу фактісі тіркелді. Жеке үйлерде 12 926 үй құсы, сондай-ақ Солтүстік Қазақстандағы құс фабрикаларында 41 мың құс қырылды. Аймақтарды бөліп қарайтын болсақ, СҚО-да 27 ауданда (11 ауданда) құстың қырылу фактісі тіркелді. Оның ішінде құс тұмауы 23 елдімекенде (8 ауданда) расталды. Тиісінше 17 қыркүйектен бастап Ауыл шаруашылығы министрлігі Солтүстік Қазақстандағы жеті ауданнан және Айыртау ауылдық округінен құс өнімдерін шығаруға уақытша тыйым салды», - деді Гүлмира Исаева ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, құс өнімдерін сыртқа шығаруға тыйым салынған жеті ауданның қатарында Тимирязев, Жамбыл, Қызылжар, Тайынша, Шал ақын, Ғ.Мүсірепов және М.Жұмабаев аудандары бар.

«19-21 қыркүйек аралығында «Бескөл» құс фабрикасында 41 мыңға тарта құс қырылды. Ақмола облысы туралы айтар болсақ, 5 ауданның 9 ауылында құстың қырылу фактісі тіркелді. Жалпы 286 құс өлді. Тиісінше 19 қыркүйектен бастап Ақмола облысының Жарқайың ауылдық округінен құс өнімдерін сыртқа шығаруға уақытша тыйым салынды. Одан бөлек, Қостанай облысының 6 ауданында осындай жағдай тіркеліп, ол жақтарда 505 құс қырылды», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар