Қазақстанның бес облысында шаңды дауыл тұрады
Атап айтқанда, 10-12 мамырда Қызылорда облысының кейбір аймағында шаң көтеріліп, қатты жел тұрады деген болжам бар. Шығыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді.
11 мамырда Оңтүстік Қазақстан облысының бірқатар аудандарында күн күркіреп, жел күшейеді, шаңды дауыл соғады.
10 мамырда Қостанай облысының кейбір аймақтарында күн күркіреп, жел секундына 15-20 м/с дейін артады. Мұнымен қоса, 11 мамырда осы облыста тұман түсіп, жел соғатыны болжанады.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстанның батысында ауа райының бұзылуына байланысты ескерту жасалған болатын.
10-11 мамырда Атырау облысының кейбір аудандарында күн күркіреп, шаң көтеріледі, қатты жел тұруы ықтимал. Шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.
10-11 мамырда Батыс Қазақстан облысы аумағында да солтүстік-шығыстан жел соғып, жылдамдығы 15-20 м/с артады. Кейбір аумақтарда шаңды дауыл соғып, бұршақ жаууы мүмкін. Оралда аталған күндері желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетіп, күн күркіреуі ықтимал.