Қазақстанның бес өңірінде тұман түсіп, көктайғақ болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркістан және Ақмола облыстарында дауыл тұрып, тұман түседі, көктайғақ болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

Қазақстанның бес өңірінде тұман түсіп, көктайғақ болады

20 қаңтарда күндіз Түркістан облысының тауларында жауын-шашын мол болады. Кей жерлерге тұман түсіп, көктайғақ болады, жел оңтүстік-батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады, екпіні 25 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.

Шымкентте 20 қаңтар күні оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр айналасында болады. Түркістан қаласында да 20 қаңтар күні оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с айналасында болады. Дауыл соғу қаупі - 90-95%.

20 қаңтар күні Ақмола облысының кей жерлеріне тұман түсіп, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғады. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

Астанада 20 қаңтар күні көктайғақ болып, тұман түседі. Дауыл соғу қаупі - 90-95%.

20 қаңтарда Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ күтіледі.