13:05, 22 Қаңтар 2009 | GMT +5
Қазақстанның бидай уыздылығы өндірісін 10 есе арттыруға әлеуеті жетеді - А. Күрішбаев
АСТАНА. Қаңтардың 22-сі. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Қазақстанның бидай уыздылығы өндірісін қазіргі көрсеткіштен 10 есе арттыруға әлеуеті жетеді.

Бұл туралы бүгін Астанада өткен макроаймақтардың экономикалық мамандандырылуы мәселелері жөніндегі кеңестен кейінгі брифингте Ауыл шаруашылығы министрлігі Ақылбек Күрішбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Бүгінгі кеңесте бидай уыздылығын дамыту туралы серпінді жоба таныстырылды. Қазақстанда сапасы жоғары бидай өндіріледі. Бидайдан уыздылық алынатыны белгілі. Әлемде бидай уыздылығына деген сұраныс өте жоғары. Елімізде қазіргі таңда осының небәрі 1,5 мың тоннасы өндіріледі. Бізде бұл көрсеткішті 10 есе ұлғайтуға мүмкіндік бар. Өйткені біз жақсы шикізатқа иеміз», деді өз сөзінде А. Күрішбаев.