Қазақстанның білім беру платформалары белгісіз біреулердің DDoS-шабуылына ұшырады
Бұл шабуылдарды Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің «Мемлекеттік техникалық қызмет» РМК KZ-CERT компьютерлік оқиғаларға жауап беру қызметі тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі «МТҚ» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Талдау жұмыстары барысында DDoS-шабуылдар көптеген IP-адрестер арқылы көбінесе шетелдік интернет сегменттер тарапынан жасалғаны анықталып отыр.
Қазіргі уақытта «МТҚ» РМК тарапында орналасқан аппараттық-бағдарламалық кешендердің көмегімен DDoS-шабуылдар тоқтатылды.
Ведомствоның хабарлауынша, тіркелген шабуылдар білім беру интернет-ресурстарының қызметінің тоқтата алмаған.
«Кundelik.kz интернет-ресурсына шабуыл жасалғаннан кейін 8 минут өткен соң bilimland.kz білім беру порталына да шабуыл жасалды. KZ-CERT қызметінің сарапшылары шабуылдардың бір-бірімен байланысты және бұл шабуылдардың қашықтан оқыту барысында жоғарыда аталған білім беру порталдарының жұмысын бұзуға бағытталған деген шешімге келді», - деп хабарлайды KZ-CERT қызметі.
Айта кетсек, бұған дейін Bilim Media Group өзінің интернет-ресурсына бағытталған DDoS-шабуылдардың көбейгенін хабарлаған болатын.