Қазақстанның білім жүйесін жақсартуда Ұлттық бірыңғай тестілеу өзін-өзі ақтады

АСТАНА. Қаңтардың 30-ы. ҚазАқпарат /Жасұлан Жолдыбаев/ - Қазақстанның білім жүйесін жақсартуда Ұлттық бірыңғай тестілеу өзін-өзі ақтады. Бүгін Білім және ғылым министрлігінде өткен брифингте Білім және ғылым вице-министрі Күләш Шәмшидинова осылай атап өтті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Жалпы тестілеу әдісі әлемнің көптеген елдерінде қолданылады. ҰБТ елміздің білім жүйесіне енгізілгелі бері өзін-өзі ақтады. Себебі, жылдан жылға оқушылардың білім деңгейі артып келеді. Егер 2004 жылы ҰБТ-дан өткен 84 пайыз оқушы қанағаттанарлық деңгей көрсеткен. Ал былтырғы жылдың қорытындысы көрсеткендей, олардың саны 50 пайыздан кем болды. Жалпы 4-ке және 5-ке оқитын тәлімгерлер артуда. Әлемдік тәжірибеде білімі төмен оқушылар мен жақсы оқитын оқушылар арасындағы алшақтық неғұрлым аз болса, соғұрлым сол елдің білім деңгейі жоғары болып есептеледі», дейді К.Шәмшидинова. «ҰБТ білім жүйесіне шешім қабылдау үшін керек. Оқушылар қай пәннен төмен көрсеткіш көрсетуде, пәннің қай тарауынан әлсіз ? осының бәрін сараптаймыз. Стандарттарды, оқу бағдарламаларын жөндеу, мұғалімдердің дайындығын күшейту, қайта дайындықтан өткізу процестерінің мәселесін шешеміз. ҰБТ-дан кейін байқаймыз, неғұрлым мұғалімдердің кәсіби біліктілігі мықты болса, тестілеуден өткен тәлімгерлерінің баллдары жоғары алып шығады», дейді Білім және ғылым вице-министрі. ҰБТ ? тек балаларды ЖОО-ға іріктеу ғана емес, ол сонымен қатар білім жүйесін одан әрі жақсарту үшін қажетті мағлұматтар алуға керек кешенді іс», деп атап көрсетті ол.
Соңғы жаңалықтар