Қазақстанның бірінші ханымына жоғарғы марапат табысталды

Ы. Тамыздың 19-ы. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Бүгін Алматыда ҚР Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев Қазақстанның бірінші ханымы Сара Назарбаеваға аналар мен балаларды қорғаудағы, Қазақстанның жас ұрпағына рухани-тағылымдық білім берудегі еңбегі үшін "Достастық жұлдызы" сыйлығын табыс етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Конференция барысында бұл марапатпен достастық ел өкілдерінің ең лайықтысы марапатталғаны атап өтілді. Олар ғылым, білім, мәдениет және өнер саласында, сондай-ақ гуманитарлық қызметте табысты жетістіктерімен мойындалған тұлғалар. Лауреаттардың қатарында Александр Пахмутов, Давид Тухманов сынды композиторлар, ақын Николай Добронравов және тағы да басқа тұлғалар бар.

Бүгін сондай-ақ, Алматыда ""Өзін-өзі тану" пәнінің оқу тәрбие үдерісіндегі рөлі мен орны. ҚР білімді ұйымдастыру: тәжірибелер мен перспективалар" деп аталатын екі күндік конференция өз жұмысын бастайды. Аталмыш конференцияның бастамашысы Сара Назарбаева болып табылады.

Соңғы жаңалықтар