Қазақстанның бірінші омбудсмені Болат Байқадамов өмірден озды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 10 қыркүйекке қараған түнде Қазақстанның бірінші омбудсмені Болат Байқадамов өмірден озды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Түнде бірінші қазақстандық омбудсмен, менің алғашқы бастығым, оқытушы әрі қарапайым адам Болат Кенжекешұлы өмірден озды», - деп жазды Азаптауларға қарсы ұлттық превентивті тетіктер үлестіруші кеңесінің хатшысы Сәуле Мектепбаева Фейсбуктегі парақшасында.

Болат Кенжекешұлы Байқадамов 1946 жылы 3 ақпанда Алматы облысы Кербулақ ауданының Қоғалы ауылында дүниеге келген.

1975 жылы С.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің философиялық-экономикалық факультетін бітірген. Философ, философия пәнінің оқытушысы; 2006 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген, заңгер. 50-ден астам ғылыми мақалалардың, қоғамдық-саяси және құқық қорғау тақырыптарына арналған 30-дан аса жарияланымдардың авторы.

ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия аппаратының кеңесшісі, ҚР Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия хатшылығының меңгерушісі, ҚР Президенті Әкімшілігі Қоғамдық-саяси бөлімінің сектор меңгерушісі, Қоғамдық-саяси бөлім меңгерушісінің отынбасары, ҚР Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия хатшылығының меңгерушісі, ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл, ҚР Президенті Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімі секторының меңгерушісі, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Отбасы ісі және гендерлік саясат жөніндегі ұлттық комиссиясы хатшылығының меңгерушісі, «Нұр Отан» ХДП Төрағасы бірінші орынбасарының кеңесшісі қызметтерін атқарған.

2009 жылдың маусым айынан бастап «Нұр Отан» партиясы парламентаризм институтының директоры болған.

«Құрмет» орденімен, «Ерен еңбегі үшін», «Астана» медальдарымен, «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл», «Астананың 10 жылдығы» мерекелік медальдарымен марапатталған.



Фото: www.facebook.com/bolat.baikadamov

Соңғы жаңалықтар