Қазақстанның бірінші ракеткасы ATP рейтингінде үздік 40 спортшының қатарына енді

АСТАНА. ҚазАқпарат – Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (ATP) спортшылар рейтингісінің ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстанның бірінші ракеткасы ATP рейтингінде үздік 40 спортшының қатарына енді

Ең мықты үштік өзгеріссіз қалды. Бірінші орында — испан теннисшісі Карлос Алькарас, екінші орында - оның жерлесі Рафаэль Надаль, норвегиялық Каспер Рууд үздік үштікті түйіндеп тұр.

Қазақстанның алғашқы ракеткасы Александр Бублик бес сатыға көтеріліп, 38-ші орынға тұрақтады. Тимофей Скатов алты сатыға төмен түсіп, тізімде 158-орынға жайғасты.

Жұптық сайыста америкалық Раджиев Рам көш бастап тұрса, одан кейінгі орындарда британдық Джо Сэлисбери мен Нидерланды теннисшісі Уэсли Кулхоф тұр.

Қазақстандық Андрей Голубев 52-орыннан 54-орынға сырғыса, Александр Недовесов бір сатыға жоғары көтеріліп, 61-орынға жайғасты.


Фото: ktf.kz