Қазақстанның бірінші ракеткасы Цинциннати турнирін сәтті бастады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның бірінші, әлемнің 52-інші ракеткасы Юлия Путинцева әлемнің мықты теннисшілері бас қосқан Цинциннати (АҚШ) турнирін сәтті бастады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Цинциннати турнирін сәтті бастады

Ю.Путинцева алғашқы кездесуінде дүниежүзілік рейтингте 75-інші орында тұрған парагвайлық Вероника Сепеде-Ройгты 6:4, 3:6, 6:3 есебімен тізе бүктірді. Юлия енді өзінің бұрынғы отандасы, әлемнің 8-інші ракеткасы Светлана Кузнецовамен кортқа шығады.

Айта кетейік, АҚШ-тың ашық чемпионаты қарсаңында өтіп жатқан Цинциннати турнирінің жүлде қоры 2,5 млн. доллардан асады. Оған әлемнің бірінші ракеткасы, осы жарыстың өткен жылғы жеңімпазы, чехиялық Каролина Плишкова да қатысуда.