Қазақстанның бірінші ракеткасы WTA рейтингіндегі жеке рекордын жаңартты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жалғыз және жұптық разрядтардағы Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) рейтингінің жаңарған нұсқасы шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстанның бірінші ракеткасы WTA рейтингіндегі жеке рекордын жаңартты

Үздіктер үштігі бұрынғы құрамда қалды: аустралиялық Эшли Барти көш бастап тұр, одан кейінгі орынға беларустық Арина Соболенко жайғасқан, ал үшінші орында – чех спортшысы Каролина Плинкова.

Қазақстанның бірінші ракеткасы 17-ші орыннан 16-шы орынға көтеріліп, жеке рекордын жаңартты. Юлия Путинцева бес саты жоғарылап, 49-шы орынға шықты, ал Зарина Дияс жеті саты төмендеп, 112-ші орынға ығысты.

Жұптық разрядтың көшбасшысы – бельгиялық Элизе Мертенс, одан кейінгі орындарда – Чехия өкілдері Барбора Крейчикова мен Катерина Синякова.

Анна Данилина 88-ші орыннан 86-шы орынға көтерілді, ал Рыбакина бір саты төмендеп, 96-шы орынға түсті, ал Дияс – 181-ші орында.