Қазақстанның бірқатар аймағында 30 градус аяз болады деп күтілуде

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар бойынша комитеті бірқатар облыстарға ескерту жасады.
None
None

«7-8 қаңтарда БҚО, Атырау облыстарында қар жауып, боран соғып, солтүстік-батыстан соққан жел жылдамдығы 15-20 м/с жетуі мүмкін. 8-9 қаңтарда түнде ауа температурасы 15-20, кей жерлерде 23-28 градус аязға төмендеуі ықтимал», - делінген хабарламада.

8-9 қаңтарда Қостанай, Ақтөбе, Ақмола, Павлодар, СҚО, 9 қаңтарда ШҚО-да қар жауып, бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан, солтүстік-батыстан соққан жел жылдамдығы 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с-қа жетеді. Сынап бағанасы 9 қаңтарда Қостанай, Ақтөбе, 10 қаңтарда Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, 11 қаңтарда Шығыс Қазақстан облыстарында түнде 23-28, кей жерлерде 33 аязға дейін төмендеуі мүмкін.

8 қаңтарда Қызылорда облысында жауын-шашын (қарға ұласқан жаңбыр), тұман, 9 қаңтарда кей жерлерде қар жауып, боран соғып, көктайғақ болады деп болжануда. Жел оңтүстік-батыстан, кейін солтүстік-батыстан соғып, жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. 9 қаңтарда ауа температурасы түнде 3-8, кей жерлерде 13-18 градус аязға дейін төмендейді.

9 қаңтарда ОҚО, Алматы, Жамбыл облыстарында жауын-шашын (қарға ұласқан жаңбыр), тұман, көктайғақ болады. Жел оңтүстік-батыстан, кейін солтүстік-батыстан соғады. Оның жылдамдығы секундына 15-20, кей жерлерде 23-28 метрді құрамақ. 10 қаңтарда сынап бағанасы түнде 3-8, кей жерлерде 13-18 градус аязды көрсетеді.

Соңғы жаңалықтар