Қазақстанның бірқатар аймақтарында қатты жел тұрып, нөсер жауады

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК еліміздің бірқатар аймақтарында ауа райының бұзылатыны жайлы ескерту жариялады.

Қазақстанның бірқатар аймақтарында қатты жел тұрып, нөсер жауады

Астанада 25 сәуір күні оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Ақмола облысында ертең түнде кей жерлерде желдің екпіні 15-20 м/с күшейеді, күндіз көп өңірлерінде жел 15-20, кей жерлерде 23 м/с дейін күшейеді. 26 сәуірде Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарында жаңбыр жауып, кей жерлерінде күндіз нөсер жаңбыр жауады. Сондай-ақ жексенбі, 26 сәуір күні Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарында жаңбыр жауып, күндіз нөсер болады. Батыстан және солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 17-22 м/с жетеді, кей жерлерде 30 м/с асады.