Қазақстанның бірқатар аймақтарында желдің күшеюі күтіледі, бес облыста қатты ыстық болады

Ертең Қазақстанның көп бөлігі бұрынғыдай атмосфералық бөліктердің ықпалында болып, кейбір жерлерде жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды, жел күшейіп, кейбір жерлерде бұршақ түсуі ықтимал.
Ақмола, Алматы, Маңғыстау, Атырау, Павлодар облыстарында, күндіз Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарында, түнде Батыс Қазақстан облысында кейбір жерлерде 15-20 м/с жылдамдықпен соғатын жел күтілуде.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең кейбір жерлерде тұман түседі. Шығыс Қазақстан облысында кейбір жерлерде бұршақ жауып, желдің 15-20 м/с жылдамдықпен соғуы күтілуде.
Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Жамбыл облыстарында кейбір жерлерде төтенше жоғары өрт қауіптілігі сақталуда.
Қызылорда облысында, Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кейбір жерлерінде күн қатты ысиды, Ақтөбе облысының кейбір жерлерінде өте қатты ыстық болады.
Жақын тәуліктерде Батыс Алтай өзендерінде күтіліп отырған жаңбырларға байланысты су деңгейінің көтерілуі мүмкін. Республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығысында су деңгейлерінің ауытқулары байқалады.