Қазақстанның бірқатар облыстарында аптап ыстық сақталады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық ағындардың өтуімен жаңбыр жаууы, солтүстікте кей жерлерде нөсер жаңбырлы болып, найзағай ойнап, жел күшеюі, солтүстікте күндіз бұршақ жаууы мүмкін.

Республиканың батысы мен оңтүстік өңірлерінде ғана күн ашық болады, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста күшті ыстық болады, деп хабарлады Қазгидромет.

Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, күндіз Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде желдің күші 15-20 м/с-қа дейін күшейеді, Солтүстік Қазақстан, күндіз Ақмола облыстарында бұршақ жаууы мүмкін.

Күндіз Алматы облысында аптап ыстық болады, кей жерлерде ыстық күшейе түседі. Күндіз Жамбыл облысында, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде күшті ыстық сақталады.

Соңғы жаңалықтар
telegram