Қазақстанның бірқатар облыстарында ауа температурасы 3 градусқа дейін суытады

АСТАНА. 5 қыркүйек. ҚазАқпарат - Қазақстанның облыстарында ауа температурасы 3 градусқа дейін суытады, деп ескертеді Қазгидрометке сілтеме жасай отырып ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметі.

Қазақстанның бірқатар облыстарында ауа температурасы 3 градусқа дейін суытады

7 қыркүйекте түнде кей жерлерде Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында қырау түсіп, 0 градусқа дейін суытады, Павлодар облысында күн райы 0-3 градусты көрсетеді.

7-8 қыркүйекте түнде Қарағанды облысында жекелеген жерлерде 0-3 градусқа дейін суытады.

6-8 қыркүйкте түнде Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде ауа температурасы 0-3 градусқа дейін төмендейді.

Бұған дейін хабарланғандай, 5-6 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, түнде Ақтөбе, Павлодар облыстарында кей жерлерде күн райы 0-3 градусқа дейін суытады деп күтілуде.