Қазақстанның бірқатар облыстарында ауаның температурасы 8 градусқа дейін суытады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның бірқатар облыстарында 4-6 қазан аралығында ауаның температурасы 8 градусқа дейін суытады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.

Қазақстанның бірқатар облыстарында ауаның температурасы 8 градусқа дейін суытады

«Батыс Сібірдегі циклонмен байланысты суық атмосфералық ағындардың әсерінен Қазақстанның көптеген облыстарында жаңбыр жауып, кейде оның соңы жабысқақ қарға айналады. Ал солтүстіктен соққан жел орталық, солтүстік және шығыс облыстарда түнде ауа температурасының 8 градусқа дейін суытуына әкеп соғады», - делінген хабарламада.

Оңтүстіктегі және оңтүстік-шығыстағы кейбір аудандарда ауа темпертатурасы төмендеп, қатқақ болады, таулы жерлерде жаңбырдың соңы қарға айналады.