Қазақстанның бірқатар облыстарында күн 3 градусқа дейін суытады
ТАНА. 4 қазан. ҚазАқпарат - Атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты бүгін Қазақстанның басым аумағында жауын-шашын жауып, жел күшейеді, деп хабарлайды Қазгидрометке сілтеме жасай отырып, ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.
Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында, күндіз Ақмола, Павлодар, Маңғыстау облыстарында желдің күші секундына 15-24 метр жылдамдыққа жетеді деп күтілуде.
Солтүстік Қазақстан облысында, күндіз Ақтөбе облысының кей жерлерінде секундына 15-20 метр жылдамдықта жел соғып, түнде және таңертең тұман түседі.
Түнде Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде күн 0-3 градусқа дейін суытады.
Қазақстанның оңтүстік, орталық және шығыс аумақтарының кей жерлерінде ыстық ауа райы мен жоғары деңгейдегі өрт қауіпі сақталады.