Қазақстанның бірқатар облыстарында жаңбыр жауып, кей жерлерде найзағай ойнайды, жел күшейеді - 25 сәуірдегі ауа райы болжамы
АСТАНА. 24 сәуір. ҚазАқпарат - 25 сәуірде Қазақстан аумағының басым бөлігі атмосфералық ағындар ықпалында болып, кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді.
Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі Қазгидрометке сілтеме жасап хабарлайды.
Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде найзағай ойнап, желдің екпіні 15/20 м/с-ке дейін күшеюі, Қостанай облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман түсуі күтіледі.
Батыс Қазақстан, Павлодар, күндіз Маңғыстау облыстарында желдің күші 15-20 м/с-ке жетеді.
Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Ақтөбе облыстарында кей жерлерде найзағай ойнап, желдің күші 15-20 м/с-ке жетеді.
Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарында кей жерлерде тұман түседі, жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.
Атырау облысында кей жерлерде найзағай ойнап, шаңды дауылмен желдің күші 15-20 м/с-ке жетеді.
Таяудағы тәуліктерде республиканың оңтүстігіндегі, оңтүстік-шығысындағы және шығысындағы тау өзендерінде су деңгейінің құбылуы байқалады. Павлодар облысы шегінде Ертіс өзенінде Шүлбі су қоймасынан судың мол келуінен өзен деңгейі көтерілуі жалғасады.