Қазақстанның бірқатар облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК-сы ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстанның бірқатар облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Нұр-Сұлтанда 21 желтоқсанда күндіз батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғып, екпіні 15 м/с болады. Ауа райы болжамының дәлдігі 95-100%.

Ақмола облысының кей жерлерінде 21 желтоқсанда бұрқасын болады. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғып, күші кей жерлерде 15-20, екпіні 23-28 м/с болады.

21 желтоқсанда Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі. Ауа райы болжамының дәлдігі 85-90%.

22 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар жауып, кей жерлерге тұман түсіп, бұрқасын болады. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғып, күші 15-20 м/с болады. Петропавлда күндіз бұрқасын болады. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғып, күші 15-20 м/с-қа жетеді.

Түркістан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын болады. Күндіз шығыстан соғатын желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді. Шымкентте 21 желтоқсан күні тұман түседі. Ауа райы болжамының дәлдігі 90-95%.

Қызылорда облысында 21 желтоқсан күні түнде ауа температурасы -21-26 градус болады. Облыстың оңтүстігінде 17 градус аяз болады.

Қызылордада 21 желтоқсан күні түнде 21-23 градусқа дейін аяз болады.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Ақтауда көктайғақ болады. Ауа райы болжамының дәлдігі 85-90%.