Қазақстанның бірқатар облысында боран салдарынан автожолдар жабылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның бірқатар өңірлерінде автокөлік қозғалысына шектеулер сақталуда, деп хабарлады ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінен.

Қазақстанның бірқатар облысында боран салдарынан автожолдар жабылды

Атап айтқанда, 18 желтоқсан күні сағат 19-35-тен бастап «Астана-Қарағанды», «Астана-Павлодар» автожолдары көліктің барлық түрлері үшін жабық.

Қарағанды облысында 16-30-дан (18 желтоқсан) бастап боран мен көктайғақ салдарынан барлық көлік түрлері үшін Қарағандыдан шығатын жолдардың барлығында қозғалысқа шектеу енгізілді.

Ақмола облысында 18 желтоқсан күнгі сағат 19-30-дан бері ауа райының нашарлауына орай «Астана-Ерейментау-Шідерті» автожолының 16-205 шақырымында көліктің барлық түрлері үшін жол жабық.

Оңтүстік Қазақстан облысында да кеше кешкі 19-00-ден көліктің барлық түрі үшін «Қошқарата-Жарықбас-Бірлік» автожолының 100-131 шақырымдық учаскесінде қозғалысқа шектеу қойылды.

П\авлодар облысында 19 желтоқсан күнгі сағат 20-00-ден ауар райының бұзылуына байланысты көліктің барлық түрлері үшін «Қызылорда-Павлодар» (Шідерті ауылынан Қарағанды облысы шекарасына дейінгі 1135-1206 шақырым), «Астана-Ерейментау-Шідерті» (Шідерті ауылынан Ақмола облысының шекарасына дейін) автомобиль жолдарында қозғалысқа шектеу енгізілді.

Ал Шығыс Қазақстан облысында бүгін таңертеңгі 7,-30-дан бастап боранның және жолдың көрінуінің нашарлығына байанысты көліктің барлық түрлері үшін «Алматы-Өскемен» (Қалбатау ауылы-Қ.Қайсенов ауылы, 977-1073 шақырым) республикалық маңыздағы автожолының бір бөлігі жабылды. Мұндай шектеу «Шемонаиха-РФ шекарасы» (108-123 шақырым) учаскесінде де енгізіліп отыр.

Сонымен қатар таңертеңгі 9-30-дан бастап республикалық маңызы бар «Өскемен-Тарғын-Самар» автожолының бір бөлігінде де (62-145 шақырым) көліктің барлық түрлері қозғалысына шектеу қойылды.