Қазақстанның бірқатар облысында қатты аяздар болады деп күтілуде - 21 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

АСТАНА. 20 қаңтар. ҚазАқпарат - Қазақстанның басым бөлігі әлі де суық антициклонның ықпалында тұр, онымен 21 қаңтар күні ашық, аязды күн райы сақталады деп күтілуде, деп хабарлайды ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Қазақстанның бірқатар облысында қатты аяздар болады деп күтілуде - 21 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

Атырау, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарында кейбір жерлерде бұрқасын болып, желдің күші секундына 15-22 метрге дейін күшейеді деп күтілуде.

Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында кейбір жерлерде желдің күші секундына 15-22 метрге дейін күшейтілуі сақталады.

Маңғыстау облысында кейбір жерлерде тұман түседі деп күтілуде.

Алматы облысында 30-35 градусқа дейін өте күшті аяз сақталуда.

Жамбыл облысында кейбір жерлерде - 34 градусқа дейін қатты аяз болады.

Оңтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде 22-27 градусқа дейін қатты аяз болады деп күтілуде.       

Таяу үш тәулікте Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының көптеген өзендерінде мұз қату үрдісі күшейіп, өзендердің арналары көтерілуі мүмкін.

21-23 қаңтар аралығында ауаның төменгі температураларына байланысты Алматы облысының жекелеген өзендерінде мұз кептелісі болып, су деңгейі көтерілуі ықтимал. Соның салдарынан өзендер арналарынан асып, су басу жағдайлары болуы мүмкін.