Қазақстанның бірқатар өңірінде боран болады - «Қазгидромет»

АСТАНА. Ақпанның 6-сы. ҚазАқпарат - Бүгін Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында қар жауып, кей жерлерде қатты боран болады,
None
None
батыстан секундына 17-22 метр жылдамдықпен жел соғады, кей жерлерде оның екпіні 25-30 метр/секундқа жетуі ықтимал, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» орталығына сілтеме жасап.Астанада бұрқасын болады, батыстан секундына 17-22 метр жылдамдықпен жел тұрады, -делінген хабарламада. Ақпанның 6-сында түнде -Шығыс Қазақстанда, сондай-ақ Павлодар облысында қар жауып, боран болады, желдің жылдамдығы секундына 25 метрге жетеді деп күтілуде.
Соңғы жаңалықтар