Қазақстанның бірқатар өңірінде бұршақ жауып, үсік жүреді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Синоптиктер ауа райының бұзылуына байланысты бірқатар өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

Қазақстанның бірқатар өңірінде бұршақ жауып, үсік жүреді

25 мамырда таңертең және күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде оңтүстіктен соққан жел солтүстік-батысқа, солтүстікке ауысады. Желдің күші 15-20 м/с болады. Күндіз кей жерлерде найзағай ойнайды.

26 мамыр түнде Ақмола, Павлодар, Қарағанды облыстары, түнде 27 мамырда Шығыс Қазақстан облысының батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады. Жел екпіні кей жерлерде 15-20 м/с, 26 мамырда Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында жел екпіні 23-28 м/с жетеді. Кей жерлерде тұман түсіп, найзағай ойнайды. Бұршақ жауып, дауыл соғады.

Түнде 26 мамырда Қостанай, Ақтөбе облыстарының, түнде 26-27 мамырда Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде 3 градус үсік. 27 мамыр түнде Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде 1-6 градус үсік күтіледі.