Қазақстанның бірқатар өңірінде тұман түсіп, көктайғақ және боран болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 29 қазанда еліміздің алты облысында ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Қазақстанның бірқатар өңірінде тұман түсіп, көктайғақ және боран болады

29 қазан түнде және таңертең Жетісу облысының таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғып, Алакөл аумағында екпіні 17-22 м/с-ке жетеді.

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі.

29 қазанда түнде және таңертең Маңғыстау облысының солтүстігінде, оңтүстік-батысында, орталығында тұман түсуі ықтимал.

29 қазанда түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман түсуі мүмкін.

Түркістан облысының таулы аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғып, жылдамдығы тау асуларында 15-20 м/с болады.

29 қазанда түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде көктайғақ, боран болады.