Қазақстанның бірқатар өңірінде жол жабық
Комитеттің хабарлауынша, Ақмола облысында автожолдың 9 учаскесінде барлық көлік түрі бойынша қозғалысқа шектеу қойылған. Олар: Нұр-Сұлтан-Ерейментау-Шідерті» (Нұр-Сұлтаннан Павлодар облысына дейін), «Екатеринбург-Алматы» (Жақсы ауылынан СҚО аумағына дейін), «Жезқазған-Петропавл» (Қостанай облысының шекарасынан СҚО шекарасына дейін), «Екатеринбург-Алматы» (Нұр-Сұлтан қаласынан Қарағанды облысының шекарасына дейін), «Екатеринбург-Алматы» (Атбасардан елордаға дейін), «Нұр-Сұлтан-Петропавл» (Нұр-Сұлтаннан Щучеге дейін), «Нұр-Сұлтан-Қорғалжын» (Ақмол ауылынан Қорғалжын қорығына дейін), «Макинск-Ақсу-Торғай» (Макинск қаласынан Торғай қаласына дейін), «Көкшетау - Атбасар» (Балқаш кентінен Атбасарға дейін).
Сонымен бірге, комитет Ақтөбе облысында автожолдың тағы үш учаскесінде жолаушылар мен жүк көліктері үшін жол жабылғанын хабарлайды. Олар: «Самара-Шымкент» (Маржанбұлақ ауыланан Қобдаға дейін), «Самара-Шымкент» (Белогорка ауылынан Қарабұтаққа дейін), «Ақтөбе-Ор» (Ш.Қалдаяқов ауылынан РФ шекарасына дейін).
Алматы облысында Үшарал-Достық автожолының бірінші учаскесінде көліктің барлық түріне жүруге шектеу енгізілген.
Шығыс Қазақстан облысында автожолдың 2 учаскесінде тіркемелі және жартылай тіркемелі жүк көліктері үшін жол жабылды. Олар: Өскемен-Риддер-РФ шекарас> (Белоусовка ауылынан Риддерге дейін), Омбы-Майқапшағай (Қалбатау ауылынан Көкпектіге дейін). Сонымен бірге, ШҚО-да мына бағыттағы жол учаскелеріне көліктің барлық түріне жол жабық: Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы (Предгорное ауылынан РФ шекарасына дейін), Семей-Қайнар, Алматы-Өскемен (Қалбатаудан Қасым-Қайсенов кентінің бұрылысына дейін), «Омбы-Майқапшағай » (Семейден Павлодар облысының шекарасына дейін), «Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катонқарагай-Рахман қайнарлары», «Семей-РФ шекарасына дейін» учаскесі.
Қостанай облысында Жезқазған-Павлодар автожолында көліктің барлық түріне қозғалуға шектеу қойылды. Қызылорда облысында Қызылорда-Павлодар арасындағы жол да жабық.
ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті азаматтарға ауа райын бақылап отыруға, алыс жолға шықпауға шақырады. Жолда қалып қалған жағдайда «112» нөміріне хабарласып, көмек сұрауға болады.