Қазақстанның бірқатар өңіріне ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Кәсіпорынның болжамына қарағанда, 24 қыркүйекте Ақтөбе облысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі.
Ақтөбеде күндіз шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 18 м/с.
24 қыркүйекте күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында және батысында шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
Түркістанда күндіз шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Маңғыстау облысының орталығында, солтүстік-шығысында шаңды дауыл тұрады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың орталығында, солтүстік-шығысында жылдамдығы секундына 15-20 метрге, күндіз екпіні 23 метрге жетеді.
Ақтауда оңтүстік-шығыстан жел соғады, күннің екінші жартысында екпіні 15-18 м/с-қа жетеді.
Қызылорда облысының орталығында және батысында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с болады, шаңды дауыл тұрады. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Қызылордада күндіз солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады, шаңды дауыл тұрады.
Түнде Шығыс Қазақстан облысы аймағының басым бөлігінде 1-6 градус үсік жүреді. Бесқарағай, Үржар аудандарында төтенше өрт қауіпі күтіледі.
24 қыркүйек Батыс Қазақстан облысында жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с.
Қарағанды облысында шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде және батысында желдің екпіні 15-20 м/с болады, төтенше өрт қаупі сақталады.