Қазақстанның бірқатар оңтүстік және батыс өңірлерінде күшті аяз сақталады - 7 ақпанға арналған ауа райы
АСТАНА. 6 ақпан. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің «Қазгидромет» РМК болжауынша, 7 ақпанда республиканың оңтүстік және батыс облыстарының кей жерлерінде қар жауу, қатты жел, қарлы бұрқасын, тұман сақталады.
Қазақстанның басым аумағы арқылы атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты күн райы тұрақсыз болады деп күтілуде. Республиканың солтүстігіне суық антициклонның ықпалы сақталады.
Қалған аумақ бөлігінде негізінен күн райы ашық болады.
Шығыс Қазақстан, Ақтөбе және күндіз Қостанай облыстарының жекелеген жерлерінде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады деп күтуде.
Маңғыстау облысының кей аумақтарында көктайғақ болады. Оңтүстік Қазақстан облысында күндіз 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Шығыс Қазақстан облысында және күндіз Жамбыл облысында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғып, тұман болады деп күтілуде.
Түнде Алматы, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарының жекелеген жерлерінде күшті аяз сақталады. Қызылорда облысында да күшті аяз сақталады. Маңғыстау облысында түнде күшті аяз сақталады, жекелеген жерлерінде күшті аяз болады.
Алдағы тәулікте Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарындағы өзендердің денінде мұз қату процестеріне байланысты су деңгейлерінің ауытқуы байқалады. Жекелеген өзендерде су деңгейінің кенеттен көтерілуінен су басу жағдайлары болуы ықтимал. 7-8 ақпанда Шардара су қоймасына секундына 1300 текше метр су келеді деп күтілуде.