Қазақстанның бірнеше гарнизондарының әскери прокурорлары тағайындалды

Бұл туралы ведомоствоның сайтында хабарланды.
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрықтарымен: әділет подполковнигі Аекенов Жанболат Амантайұлы - Батыс аймағының әскери прокуроры; әділет подполковнигі Бекбергенов Талгат Сапарбекұлы - Петропавл гарнизонының әскери прокуроры; әділет подполковнигі Алпысов Нұрлан Сапарбекұлы - Талдықорған гарнизонының әскери прокуроры қызметіне тағайындалды.
Қазақстан Республикасы Бас әскери прокурорының бұйрықтарымен: әділет майоры Ақберген Айдос - Алматы гарнизоны әскери прокурорының орынбасары; әділет майоры Аңдамасов Тимур Жиенғалиұлы - Алматы гарнизоны әскери прокурорының орынбасары; әділет майоры Ерназаров Арман Тұрғанбайұлы - Сарыағаш гарнизоны әскери прокурорының орынбасары; әділет подполковнигі Қапезов Арман Қуанышұлы - Бас әскери прокурордың ұйымдастыру-бақылау жұмысы бойынша аға көмекшісі қызметіне тағайындалды.