Қазақстанның биші қыздары Қытай чемпионатының үздік үштігіне енді

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Бейжіңде спорттық бал билерінен өткен Қытайдың Ашық кубогында Қазақстан өкілдері Камилла Рустамова мен Амира Қабазиевалар сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА-ның Бейжіңдегі тілшісі.
None
None



Жарыстарға Қытайдың барлық би мектептерінен 500-ден астам бала қатысты.

9 жасар Камилла Рустамова 10 жасқа дейінгі санатта латиноамерикалық («латино соло») және еуропалық (вальс) бағдарламаларда екі үшінші орын иеленді. Жаттықтырушысы - Мария Владимировна. Ол бұған дейін Астанада спорттық гимнастика секциясына қатысқан.

Оның құрдасы Амира Қабазиева да латиноамерикалық («латино соло») және еуропалық (вальс) бағдарламаларда екі үшінші орынға қол жеткізді, бірақ 11 жасқа дейінгілер санатында.  Ол Бейжіңде бал билері секциясына барып жүргеніне екі жыл болды.  Оған дейін Қазақстанда Алма Сағадиевнаның жетекшілігіндегі «Көбелек» ансамблінде шығыс және әлем халқы билерін үйреніп келген. 2017 жылдың қазан айында жас талант Нанкинде өтетін спорттық бал билерінен халықаралық чемпионатқа қатысуға ниетті. 


Соңғы жаңалықтар