Қазақстанның биылғы жылғы ең үздік сайттары белгілі болды

Биылғы жылы халықаралық әділқазылар алқасының мүшелері мен сарапшылар 500 қатысушының арасынан жеңімпазды 3 ай бойы іріктеді. Қазылар алқасының құрамында әлемнің 6 мемлекетінің сарапшылары, сондай-ақ халықаралық әлемге әйгілі Awwwards.com және Cssdesignawards.com. сияқты конкурстардың қазылар алқасының 4 мүшесі болды.
«Биылғы жылы конкурс талаптары өзгеріп, күрделене түсті. Бұл, әрине, әділ шешім қабылдап, іріктеу жұмыстарын барынша тиянақты жүргізуге мүмкіндік туғызды.
Әсіресе, Award.kz тарихында алғаш рет бағалау жұмыстары кезінде сайттың тақырыбына байланысты жекелеген критерилердің мағынасын кеңейтуге мүмкіндік берді. Ұйымдастыру комитеті болжағандай, аталмыш жаңашылдық қорытынды баға шығару кезінде сайттың жұртшылыққа танымалдылығы немесе сыртқы бейнесінің тартымдылығы арқылы жоғары орынға көтерілуге жол бермеді», - деп хабарлады ұйымдастырушылар.
Award.kz XIV Ұлттық интернет-сыйлығының қорытынды нәтижелері төмендегідей:
Award.kz 2016 тақырыптық номинацияларының жеңімпаздары.
Масс-медиа - Vласть аналитикалық интернет-журналы (7.67)
Мәдениет пен өнер - «Бродвей» - Қазақстан кино порталы (7,09)
Балалар тәрбиесі, білім беру мен ғылым - Маңғыстау облысы мектептері оқу ісінің электрондық порталы (6,51)
Дене шынықтыру және спорт, медицина мен денсаулық сақтау, саяхат жасау және демалыс - «Ренессанс» спорт клубының сайты (7,01)
Желілік сервистер - HiPO жұмыс іздеу порталы (7,16)
Корпоративтік сайттар - «Top Kazakhstan» компаниясының сайты (7,13)
Салалық және өңірлік порталдар - AND.KZ порталы - жұмыс істеп жатқан және ісін енді бастаған кәсіпкерлерге арналған алаң (6,02)
Билік пен өзін-өзі басқаратын органдар - «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының сайты (6,56)
Қоғамдық ұйымдар - Red Jolbors ортаазиялық жарнама фестивалі (6,83)
Жеке парақшалар - Netpeak бизнеске арналған интернет-маркетинг блогы (7,23)
Интернет-дүкендер - Topfood Kazakhstan (7.46)
Промо-сайттар - gear360.kz виртуалды ойын-сауық паркі (6,98)
Award.kz 2016 арнайы номинациялар жеңімпаздары:
Мемлекеттік тілдегі үздік сайт - 7kun.kz - іскерлік жаңалықтар сайты (8,66)
Екітілді үздік сайт - Маңғыстау тарихи-өлкетану мұражайының сайты (7,13)
Маркетингтік мүмкіндігі жоғары сайт - Lamoda.kz интернет-дүкені
Үздік дизайн - COME ON гаджеттер интернет-дүкені
2016 жылдың ашылу-сайты - «Topfood Kazakhstan» интернет-дүкені
Үздік ұялы телефон қосымшасы - «Naimi.kz» қызмет жалдау қосымшасы (8,6)
Көрермендер көзайымы сыйлығы (веб-дауыс беру) - «Neupusti.net» жастар порталы
Көрермендер көзайымы сыйлығы (sms- дауыс беру) - «Vita Energy» интернет-дүкені
2016 жылы Қазақстанның үздік web-студиясы - (rocketfirm.com) ракеталық фирмасы болды.
Қазнеттегі жыл адамы ретінде Бағдат Мусин мен Қазпошта командасы марапатталды.
Қазнеттегі жыл компаниясы Yandex Taxi мен Uber