Қазақстанның боксшы қыздар командасы Петерборда өтетін турнирге қатысады

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Чемпиондық атақ үшін әлемнің 17 елінен, атап айтқанда Австралия, Әзірбайжан, Қазақстан, Канада, Қытай, Чехия, Финляндия, Франция, Үндістан, Ирландия, Молдова, Шри-Ланка, Швеция, Швейцария, Түркия, Украина және Ресей елдерінен жиналатын 90-нан астам үздік спортшылар таласады.
Барлық елдер өздерінің үздік спортшыларын әкеледі. Мысалы, рингте әлем чемпионы ирландиялық Кэти Тейлор да өнер көрсетеді, ал оның техникасына тіпті ер азаматтар да қызығады.
Жарыстың ұйымдастырушылары, турнир жоғары деңгейде өтеді деп уәде беріп отыр. Бұл турнир - 2012 жылы Лондонда өтетін Олимпиадалық ойындардың бағдарламасына қыздар боксын енгізу туралы шешім қабылдануы мүмкін Халықаралық Олимпиадалық комитеттің Атқарушы комитеті тамыз айында өтетін отырысының қарсаңындағы соңғы үлкен жарыс. Сондықтан да турнирдің барысын Халықаралық Олимпиадалық комитет пен комитеттің Олимпиадалық бағдарлама жөніндегі комиссиясының мүшелері қадағалайтын болады.