Қазақстанның боксшы қыздары Азия чемпионатында екі алтыннан үмітті

АСТАНА. ҚазАқпарат -Ұлттық құраманың 10 боксшы қызы Азия чемпионатына қатысу үшін  Вьетнамға ұшып кетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстанның боксшы қыздары Азия чемпионатында екі алтыннан үмітті

null

2 қараша күні Хошиминде өтетін жарыстарда Қазақстан намысын Олимпиада жүлдегері Дариға Шәкімова (75 кг), екі дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай (51 кг), әлем чемпионы Дина Жоламан (54 кг), Валентина Хальзова (69 кг), Ләззат Күнгейбаева (81 келіден жоғары), сондай-ақ Алуа Балқыбекова (49 кг),  Назым Ищанова (57 кг), Римма Волосенко (60 кг), Мадина Нұршаева (64 кг) және Мөлдір Базарбаева (81 кг) қорғайтын болады.

null  

Чемпионат басталмас бұрын командада климатқа бейімделу және күшейтілген жаттығу жүргізіледі.

null 

Құраманың бас бапкері Вадим Присяжнюк құрлық біріншілігінде бәсекелестіктің жоғары болатынын атап өтті.

null 

«Әйелдер боксы Еуропаға қарағанда, Азияда күштірек болады деп ойлаймын. Біздің басты қарсыластарымыз - Үндістан, Оңтүстік Корея және Қытай командалары болмақ. Бірақ, біз жақсы дайындалып, қажетті деңгейге көтерілдік және елімізге екі алтын медаль алып келеміз деп үміттенемін», - деді бас бапкер. 

null