«Қазақстанның болашағы - қазақ тілінде» атты облыстық байқау өтті

КӨКШЕТАУ. Қыркүйектің 4-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің Ақмола облысы бойынша басқармасында өзге ұлт өкілдері арасында «Қазақстанның болашағы - қазақ тілінде» атты облыстық байқау жеңімпаздары анықталып, оларға сый-құрмет көрсетілді,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл жолғы сайысқа ҚР Әділет министрлігінің Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің және Ақмола облысы бойынша ІІД басқармасының мамандары, БАҚ өкілдері қатысты. Сайыста әр мекемеден 14 әскери қызметкер үш аталымда бақ санасты. Қазылар алқасының ұйғарымымен «Үздік құжат» аталымында әділет аға лейтенанты Александр Тонких бірінші, Көкшетау қаласынан әділет аға сержанты Загир Шаймергенов екінші, Гранитный кентінен аға лейтенант Светлана Самофолова үшінші орынға ие болды. «Үздік аудармашы» аталымында көкшетаулық Рашид Насибуллин, Степное кентінен Сергей Ильиных, Көкшетау қаласынан Ербол Романов жүлделі орындардан көрінді. Ал «Үздік оқытушы» аталымында Степной кентінің қазақ тілі мұғалімі Нұргүл Ысқақова, Степногор қаласынан Рақымжан Жұмабаев жеңіске жетті. Байқауға қатысқандардың барлығына тиесілі қошемет көрсетілді.

Соңғы жаңалықтар