«Қазақстанның болашағы - мемлекеттік тілде» - «дөңгелек үстел» отырысы
ҚОСТАНАЙ. Қазанның 17-сі. ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ - Қазанның 16-сында Қостанайда мемлекеттік тілді дамыту мәселелеріне арналған «дөңгелек үстел» отырысы өтті. Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы ұйымдастырған кездесуге «Нұр Отан» партиясының жергілікті филиалы мен Қазақстан халқы облыстық ассамблеясының өкілдері, сондай-ақ ұлттық-мәдени орталықтардың төрағалары қатысты.
Тілдерді дамыту басқармасынан хабарлағандай, кездесуде қазақстандық қоғамды жұмылдыру факторы ретінде мемлекеттік тілді кеңінен насихаттаудағы Қазақстан халқы Ассамблеясының ролін арттыру мәселелері, сондай-ақ этномәдени өзара іс-қимылдары, мәдениетаралық толеранттылық мәселелері, жексенбілік мектептердің мемлекеттік тілді және ата тілдерін үйрету жөніндегі жұмыс тәжірибелері талқыланды.