Қазақстанның бүкіл аумағы антициклон ықпалында болады - 17 сәуірге арналған ауа райы болжамы

АСТАНА. 16 сәуір. ҚазАқпарат - Қазақстанның бүкіл аумағы антициклон ықпалында болады, сонымен байланысты жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Қазақстанның бүкіл аумағы антициклон ықпалында болады - 17 сәуірге арналған ауа райы болжамы

Атырау, күндіз Жамбыл, Павлодар облыстарында кейбір жерлерде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады деп күтілуде.

Солтүстік Қазақстан, түнде және таңертең Қостанай облысында кейбір жерлерде тұман түседі.

Жақын тәуліктерде Жайық, Покровка ауылынан төмен қарай Есіл өзендерінде тасқындардың дамуы, су деңгейлерінің көтерілуі жалғасады. Республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығысындағы өзендерде сулылықтың ауытқулары күтіледі.