Қазақстанның бүкіл аумағы жауынды болып, cоңы жабысқақ қарға айналады
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК 2014 жылғы 2-4 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады.
«Қазан айының басы жауынды болып, жабысқақ қарға айналады. Бұған Баренц теңізіндегі белсенді циклон әсер етіп отыр. Таяудағы үш күннің ішінде Батыс Сібір аумағында онымен байланысты суық атмосфералық ағындар туындап, жауын-шашынға, жабысқақ қарға соқтырады, солтүстік-батыстан күшті жел тұрып, Қазақстанның барлық аумағында дерлік түнде ауаның температурасы 0-5 градусқа дейін суытады», - делінген хабарламада.
Республиканың оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында ғана жаңбыр жауып, 4 қазанда мұнда да кейбір аудандарда 0-2 градусқа дейін күн суытуы ықтимал.