Қазақстанның бүкіл аумағында дерлік күн ашық болады - 2 наурыздағы ауа райы болжамы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Республиканың бүкіл аумағы дерлік бұрынғыша антициклон ықпалында болуымен, күн ашық болады, деп хабарлады ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Қазақстанның бүкіл аумағында дерлік күн ашық болады - 2 наурыздағы ауа райы болжамы

Ақмола, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, түнде Алматы облыстарында, түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түседі.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман түседі, желдің екпіні 15-23 м/с-қа дейін жетеді.