«Қазақстанның Даму банкі» акционерлік қоғамына жаңа бірінші вице-президент тағайындалды

АСТАНА. Наурыздың 11-і. ҚазАқпарат - «Қазақстан Даму банкі» акционерлік қоғамының директорлар кеңесінің 2009 жылғы наурыздың 6-сындағы шешімімен Едіген Мұханов компанияның бірінші вице-президенті болып тағайындалды, ол бұл қызметте Николай Варенконы ауыстырып отыр.

«Қазақстанның Даму банкі»  акционерлік  қоғамына   жаңа  бірінші вице-президент  тағайындалды
Бұл туралы ҚазАқпаратқа Қазақстанның Даму банкінің баспасөз қызметінен хабарлады. Николай Витальевич Варенко басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылды. «Қазақстанның Даму банкі» АҚ 2001 жылы құрылды. «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның құрамына кіреді. Банк қызметінің негізгі бағыттары мемлекеттік инвестициялық қызметті жетілдіру және оның тиімділігін арттыру, өндірістік инфрақұрылым мен өңдеу өнеркәсібін дамыту, ел экономикасына сыртқы және ішкі инвестициялар тартуға қолдау көрсету болып табылады.